Алматыда мектеп директоры лауазымына 3 вакантты орын бар

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы бойынша мектеп директоры лауазымына 3 вакантты орын бар. Оқу орындарына басшы тағайындау процесі барынша әділ әрі ашық өтеді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ қазір педагогтар үшін бос орындардың электрондық порталы әзірленіп жатыр. Онда кез келген жұмыс іздеуші педагог мекемені таңдап, өз түйіндемесін жүктей алады. Шаһар мектептеріне, әсіресе, орыс тілді математика, физика, ағылшын тілі, информатика мұғалімдері жетіспеуде дейді басқарма басшысы.

«Қазіргі уақытта біз мұғалімдерге, тәрбиешілерге және тағы да басқа мамандарға қажеттілік туралы ақпарат орналастырылатын және барлық тілек білдірушілер өз түйіндемелерін қалдыра алатын бос орынадрдың бірыңғай электрондық порталын әзірлеудеміз. Осыған қоса портал арқылы білім беру ұйымдары басшыларының қандай да бір әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы сұрақ қоюға немесе хабарлауға болады», – деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Одан өзге қазір мектеп директорларына қатысты ротациялау ережесі құрастырылып жатыр. Бұл білім ордасының басшысы үнемі ауысып отырады деген сөз. Онымен қоса әрбір мектеп директорына биылдан бастап KPI көрсеткіш бекітілетін болады.

«Бюджеттің атқарылуы, заңнаманың сақталуы, ішкі ережелердің бұзылмауы, резонансты жағдайлардың болмауы сияқты көптеген көрсеткіштер бекітілген. Ол әр жылдың басында директордың қолына беріледі еңбек кодексіне сәйкес. Жылдың аяғында бағаланып, тиісті шаралар қабылданатын болады», – деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Новости партнеров