|
27.05.2022 | 17:05
4457

Алматылық оқушылар робототехника бойынша турнирде үздіктерді анықтады

Жарысқа келесі IT-бағыттар бойынша қаланың 200-ден астам командасы қатысты

Алматылық оқушылар робототехника бойынша турнирде үздіктерді анықтады almaty-akshamy.kz/

Алматылық оқушылар робототехника бойынша турнирде үздіктерді анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда «Алматы BALAFEST» қалалық фестивалі аясында оқушылар арасында IT-хакатон аяқталды. 

Жарысқа келесі IT-бағыттар бойынша қаланың 200-ден астам командасы қатысты:

1. Робототехника.

2. Мобильді қосымшаларды әзірлеу.

3. Сайттар құру.

4. 3D модельдеу.

5. Ойындар құру.

Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, ғылыми-техникалық бағыттарды танымал ету.  

Хакатон қорытындысы бойынша 48 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар үшін жазғы IT-лагерь ұйымдастырылады, онда оқушылар робототехника және IT бойынша халықаралық жарыстарға қатысу үшін дайындықтан өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир