1772 дәрігердің орны бос тұр
Елімізде педагогтарға сұраныс артты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қажеттілік барлық бос жұмыс орындарының 12 пайызын құрайды. Сұраныс артқан өңірлерге Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстары кіреді. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мамандарының ақпарынша, кадр тапшылығы ЖОО-ның оқытушылары арасында байқалған. Мұнымен қоса ауылды жерлерде ақ халаттылардың да қажеттігі басым. Бүгін 1772 дәрігердің орны бос тұр. Шілде айында электрондық еңбек биржасында 70 мыңнан астам түйіндеме орналастырылған.
«80 мыңға жуық бос жұмыс орны, 70 мыңға жуық түйіндемелер жарияланған болатын. Оның ішінде аса сұранысқа ұл мектептегі білім беру саласының қызметкерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары, денсаулық сақтау саласында дәрігерлер ие болды», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.