Ғылыми-педагогикалық виза: Қазақстанға 100 үздік оқытушы мен ғалым шетелден шақырылады

13.12.2022 23:37

30 қарашада Үкімет қаулысымен бекітті

mobilaser.kz


Биыл Қазақстанға 3 миллионға жуық ресейлік келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал мобилизация жарияланғаннан кейін елімізге 837 мың адам келіп, 780 мыңы шығып кетіпті. Еңбек министрлігінің ақпарына сай, бүгінде біздің елде 298 мың ресейлік болса, оның 30 мыңы келісімшартқа сәйкес жұмыс істейді.

2022 жыл басталғалы Қазақстанға шамамен 8 миллионға жуық шетелдік келген. Ал 7 миллион 751 мыңнан аса адам шығыпты. Еңбек министрлігінің өкілдерінің айтуынша, бұл азаматтар негізінен осында жұмыс істеуге ниеттілер, жеке шаруа және қызметтік іс сапармен келгендер. Тіпті біздің елге емделуге келетіндер де көп екен. Ілияс Испановтың айтуынша, Ресейден келіп-кететін азаматтар саны жетіп артылады.  21 қыркүйектен бері 837 мың ресейлік кірсе, оның 780 мыңы қайта кеткен.  

«Бұл өзі статистиканы байқайтын болсаңыздар, келген адамнан кеткен адам саны әр уақытта аз болады. Себебі, кеткен адам кейінірақ кетеді ол. Біреулер 90 күнде. Біреулер шаруасына байланысты. Соның ішінде біздің елде 289 мың адам жүр», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов

Маманның айтуынша, Көші-қон комитеті шетелден білікті мамандарды Қазақстанға тарту үшін арнайы жобаны қолға алыпты. Яғни, елімізге ең тапшы 500 мықты маманды әкелу үшін 7 бағытта жұмыс жүргізіледі екен. Бірінші бағыт – Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдыруды көздейтін білім иммиграциясы.

«100 үздік оқытушы мен сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды Қазақстанға тарту ұсынылады. Бұл мақсатта 10 жылдық «Ғылыми-педагогикалық виза» берудің оңайлатылған тәртібі енгізіледі. Соның негізінде Қазақстанда тұрақты тұруға ықтиярхат, кейіннен азаматтық алу мүмкіндігі қарастырылады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов.

Сондай-ақ маман айтып отырған тұжырымдамада инвестициялық виза берудің төменгі шегін 140 миллион теңгеге дейін азайту қарастырылыпты. Бұл виза елде тұруға, бизнесін тіркеуге, мүлікке иелік етуге, жұмыскер жалдауға, қаржы төлемдерін жасауға және олардың кәсіпкерлік қызметінен туындайтын өзге де операциялар жүргізуге толық мүмкіндік береді екен.

Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы, Астана