|
13.06.2024 | 17:11
1579

Алматыда «Мектеп автобусы» жобасын іске асыру жалғасуда

Бұл туралы Алматы мәслихатының кезекті ХІХ сессиясында қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді

Алматыда «Мектеп автобусы» жобасын іске асыру жалғасуда Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматыда 2023 жылы 8,3 мыңнан астам оқушыны мектеп автобустары тасымалдаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мектеп автобусы» жобасы аясында 2023 жылдың қорытындысы бойынша мегаполисте 30 мектептен 8,3 мың оқушыны 97 жаңа автобус тасымалдады. Бұл туралы Алматы мәслихатының кезекті ХІХ сессиясында қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша оқушыларды тасымалдаудың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап әкімдіктің жобалық офисінің қолдауымен «Мектеп автобусы» жобасы іске асырылуда. Жоба мектептерден алыс тұратын төмегі сынып оқушыларын қамтиды. Оны жүзеге асыру үшін қала 2023 жылы 100 арнайы автобус сатып алды. Биыл тағы 100 автобус сатып алып, мегаполистің қосымша 27 мектебін қамту жоспарлануда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир