Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Әл-Фараби жылы" деп жарияланғаннан кейін көптеген шаралар ұйымдастырылды
«Ұлылар үндестігі: Фараби мен Машани». Дәл осындай атаумен Әбу Насыр Әл-Фараби және Ақжан Жақсыбекұлының бірнеше еңбектері жарық көрді. Ұлы ойшылдың туындыларын Халықаралық Түркі академиясының бір топ ғалымдары араб тілінен аударған. Ал, жалпы мақсат Машани еңбектерін қалың бұқараға насихаттау, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Биыл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Әл-Фараби жылы" деп жарияланғаннан кейін көптеген шаралар ұйымдастырылды. Пандемияға қарамастан халықаралық жиындар өтті, көптеген шығармалар жарық көрді. Бүгін біз Халықаралық Түркі академиясы ретінде арнайы Әл-Фараби университетіне келіп жылды қорытындылап отырмыз», – деді Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.