Алматыда жыл соңына дейін 16 мыңнан астам оқушы орнын ашу жоспарланып жатыр

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Л.Жылқыбаева Жол картасын іске асыру мониторингіне сәйкес 2021 жылдың 9 айында 6 іс-шараның 100% орындалғанын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Білім беруді дамыту және отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық Кеңестердің бірлескен отырысында партиялықтар қалалық білім басқармасының 2021 жылғы 9 айдағы партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметінің қорытындыларын тыңдады. Басқарма жұмысы туралы есепті қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Л.Жылқыбаева Жол картасын іске асыру мониторингіне сәйкес 2021 жылдың 9 айында 6 іс-шараның 100% орындалғанын атап өтті.

Соңғы жылдары елімізде шағын және орта бизнестің дамуы айтарлықтай жанданды. Осыған орай, бүгінгі күні Жол картасына сәйкес биылдан бастап мектептерде оқуға міндетті жаңа «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілді. Бұл биылғы оқу жылында енгізілген жаңалықтардың бірі, бүгінгі таңда 10-11 сыныптарының 24 мыңнан астам оқушысына аталған пән оқытылады.⠀

Оның негізгі міндеті – жас, бастамашыл, бәсекеге қабілетті, инновациялық ойлайтын кәсіпкерлер қауымдастығын қалыптастыру. Сонымен қатар, басқарма мектептер мен колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Л.Жылқыбаева жыл соңына дейін 5 100 орындық 3 мектеп (Алатау ауданындағы Саялы, Томирис шағын аудандары, Наурызбай ауданындағы Қалқаман-2 шағын ауданы) пайдалануға берілетінін хабарлады.

Мектептерге 8263 орындық 17 жапсарлас құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бүгінгі күнде 4 150 орындық 9 жапсарлас құрылыс аяқталды, ағымдағы жылдың аяғына дейін қалған 4 113 орындық 8 жапсарлас құрылыс тапсырылады. Осының негізінде жыл соңына дейін 16 мыңнан астам жаңа оқушы орнын құру жоспарлануда. Сондай-ақ отырыста мектеп-интернаттардың қазіргі жай-күйі қаралып, талқыланды және жиынға қатысушылар дуалды оқыту нысаны бар колледждерді көлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру бойынша ұсыныстар берді.

Отырысты қорытындылай келе, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңесінің төрағасы Такир Балықбаев Nur Otan партиясының Алматы қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру партияның жіті бақылауында екенін атап өтті.

Новости партнеров