|
04.10.2019 | 17:34
5681

Алматыда үздік ұстаздар марапатталды

Алматыда 400-ден астам білім беретін мекемеде 32 мыңнан астам педагог еңбек етеді

Бүгін Алматыда мұғалімдердің төл мерекесі ауқымды түрде тойланды. Республика сарайында үздік пегагогтарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін сақтайтын білімді ұрпақтың тәлімгері – ұстаздар». Осылай деген қала басшысы Бақытжан Сағынтаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, Алматы ұстаздарын ұлықтады. Олардың аса маңызды рөлін айтып, жоғары бағалау керектігін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Халқымыздың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы «Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген екен. Жастар тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстап, креативті идеяларымен қаланың білім саласының дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Ендеше, ұрпақтың ұлы мұраты жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Құттықтау сөзден кейін жылдың үздік ұстаздары мен педагог ұжымы марапатталды. Алматы қаласы бойынша 205 мектеп ішінен 10 білім ошағы оза шапқан. Мықты деп танылған ұжымға жалақыларына қосымша сыйақы алады. Сонымен қатар, биылғы республикалық байқауға Алматы қаласынан 4 мұғалім қатысқан екен. Оларға Алматы қаласының әкімі бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, бірнеше мұғалімдер білім және ғылым министрлігінің арнайы марапаттары мен Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгілерін иеленді.  

«Ұстаз болу - жүректің батырлығы. Ұстаз болу бұл арман тілегім еді. Сол ұстаздық жолымда үлкен жетістіктеріме жетіп, еңбегімнің жемісін көргенім үшін мен үшін өте бақыт», - дейді «Үздік мұғалім-2019» Жанар ҚҰСАЙЫНОВА.

Жалпы бұл үздік педагогикалық ұжым байқауы Алматы қаласына ғана тән конкурс дейді білім басқармасының өкілі. Ол 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған жергілікті бюджеттен де қомақты қаржы бөлініп отырады.  

«Бұл жерде Ұстаздар күні қарсаңында толықтай бір ұжым өздерінің жалақыларына сыйақы алады. Шамамен жылда 10 мектеп үздік атанып шығады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 130 млн тенге қаржы бөлінген», - деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат ЖЫЛҚЫБАЕВА.

Ал, елімізідң білім беру ісінің құрметті қызметкері ұстаздарға мұндай құрмет жасалып жатқанына дән риза. Айтуынша, елім дейтін ерге де, қылықты қызға да білім беретін мұғалімдерді жоғары бағалау керек. Сонымен қатар, мұғалімдер мәртебесіне де ата-ананың міндетін енгізген абзал екенін айтты.

«Негізі аз жұмыс істелініп жатқан жоқ. Дей тұрғанымен, әлі де ескеретін дүние көп. Қазіргі жобаның өзінде де ата-ананың міндетін арттыру мәселесі қаралса екен деймін. Себебі балаға алғашқы тәрбие отбасында беріледі», - деді Қр Еңбек Ері Аягүл МИРАЗОВА.

Мерекелік концерт мың бұралған бишілер мен әншілердің өнер көрсетуімен жалғасын тапты. Айта кетейік, аталған шара дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.  

Осы күні Алматыда колледж, балақша және меткеп сынды 400-ден астам білім беретін мекеме бар. Онда 32 мыңнан көп педагог еңбек етеді. Бүгінгі айтулы шараға 3 мың ұстаз қатысты. Айта кетейін, келесі жылдан бастап Алматы әкімі Бақыитжан Сағынтаевтың бастамасыменқалалық деңгейде үздік мұғалімдер байқауы өткізілмекші. Оза шыққан маманға көлік те табысталмақ. Осылайша ұстаздарды көбірек ұлықтау жоспарланған.

Өмір Әнуарбек Мұрат Тайжанов алматы телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир