|
01.07.2022 | 18:07
4936

Алматыда Жүрімбек Сыдықовтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Ғалым 70 жылға жуық өмірін геология саласына арнаған

Алматыда Жүрімбек Сыдықовтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды Almaty.tv

Алматыда соғыс ардагері, көрнекті ғалым-гидрогеолог Жүрімбек Сыдықовтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көрнекті академикті еске алуға мәдениет басқармасының өкілдері, қайраткердің туыстары мен замандастары қатысты. 70 жылға жуық өмірін геология саласына арнаған Жүрімбек Сыдықовтың 35 монографиясы мен 720 еңбегі басылымдарда жарияланған.


«Біздің әкеміздің үйіне мемориалды тақта қойылып отыр. Алматы әкімдігіне рақмет. Гидрогеология институтына мемориалдық тақта қойылған. Сондықтан артында із қалды әкеміздің. Әкеміз ғалым, белді азамат еді. Өте кішіпейіл, бауырмал кісі болды. Әкеміз ескерусіз қалған жоқ. Халқыма рақмет айтамын», – деді  Ж.Сыдықовтың қызы Ақмарал Егізова.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир