Америкалық ғалымдар COVID-19 салдарынан өкпенің ауыр зақымдануының себебін анықтады

20.04.2020 22:44

Бұған дейін ғалымдар COVID-19 қандай жағдайда тез жұғатынын анықтаған болатын

©REUTERS

Америкалық ғалымдар COVID-19 салдарынан өкпенің ауыр зақымдануының себебі – адам ағзасындағы иммундық жасуша нейтрофилдердің өте жоғары белсенділігі болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды  Tengrinews.kz  Journal of Experimental Medicine журналына сілтеме жасап.

Зерттеушілердің айтуынша, нейтрофилдер, әдетте, инфекция пайда болуының алғашқы белгілеріне жауап бере отырып, ағзаға ауруларды жеңуге көмектеседі. Олар қабыну ошақтарына қарай қозғалып, патогенді және бөтен микроорганизмдерді басып алады және «қорытады». Сонымен қатар, нейтрофилдер «нейтрофильді экстражасуша тұзақтар» деп аталатын құрылымдарды өндіреді. Бұл құрылымдар көптеген ақуыз молекуласы мен ДНҚ жіптерінен тұрады, олар вирустармен қосылады да оларды жояды.

«COVID-19-дан қайтыс болған үш пациенттің өкпе фрагменттерін зерттей отыра, коронавирус олардың иммундық жүйесін шектен тыс нейтрофилдер (НЭЛ) шығаруына итермелегенін анықтадық. Олардың шамадан тыс жоғары белсенділігі өкпе тінінің ауыр зақымдануына себеп болған, салдарынан вируспен күресудің орнына жағдайды ушықтырған», – дейді америкалық файнстин институтының зерттеу жетекшісі Бетси Барнс.

Барнстың айтуынша, гипотеза клиникалық зерттеулерден кейін расталса, онда теориялық тұрғыдан коронавирустың ауырлығын нейтрофилдердің белсенділігін бәсеңдету арқылы немесе оны бұзатын препараттардың көмегімен төмендетуге болады.

Бұған дейін ғалымдар COVID-19 қандай жағдайда тез жұғатынын анықтаған болатын. Коронавирус иммунитет инфекцияны анықталғанға дейін және аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін жақсы тарайтыны айтылған.