Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 1250 орындық студенттер үйінің іргетасы қаланды

01.07.2020 22:46

Аталған жоба «Самұрық» құрылыс компаниясы арқылы жүзеге асады

esquire.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1250 орындық студенттер үйінің іргетасы қаланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тоғыз қабатты ғимарат асхана, компьютер залы, демалыс орны, сондай-ақ мәдениет залдарымен қамтылмақ. Ал екі студент тұратын әр бөлменің өз душ кабинасы мен әжетханасы болады. Жаңа студенттер орталығы құрылысын 2021 жылдың қыркүйек айында толық аяқтау жоспарланған. Аталған жоба «Самұрық» құрылыс компаниясы арқылы  жүзеге асады.

«Бұл жатақхананы біз осы белгілі «Самұрық» құрылыс компаниясымен бірігіп бүгін осы жұмысты қолға алып бастап отырмыз. Шынында да, бұл кампуста тұрған өте ыңғайлы, орын да ыңғайлы. Қаланың ішінде де жақсы жерде тұр. Және де бұл жатақхана қазір 17-жатақхана болып отыр», – деді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.