Жалпы әскери-патриоттық жастар шарасы елдің түкпір-түкпірінде жалғасуда
Погон тігу, жауынгерлік техникамен тапсырма орындау секілді оқу-жаттығулардан сүрінбей өтіп, әскери өмірдің қиындықтарын бастан кешірген 250-ге тарта білімгер - «Бір күн курсант погонында» атты шараға қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің әскери Институтында өткен акция Алматы қаласы және Түрксіб ауданы әкімшілігінің мұрындық болуымен қолға алынған. Жалпы әскери-патриоттық жастар шарасы елдің түкпір-түкпірінде жалғасуда.
«Өсіп келе жатқан жасөспірімдерді әсери патриоттық жұмысқа белсенді атсалыстыру. Болашақта еліміздің, халқымыздың, отанымыздың нағыз ер азамат патриоттарын тәрбиелеу. Бұл жердегі басты мақсат - елімізге болашақта нағыз елін, жерін сүйетін азаматтар тәрбиелеу», - деді ҚР Құрлық әскерлерінің әскери институты басшысының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Жұмабек ХАСЕНОВ.