Қосалқы нысандар 750 баланы оқушы орындарымен қамтамасыз етеді
Алматының Медеу және Түрксіб аудандарында 750 бала үшін жаңа мектеп корпустары салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
№ 47 және 195 мектептер жанындағы қосалқы нысандар 750 баланы оқушы орындарымен қамтамасыз етеді
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Түрксіб және Медеу аудандарының тұрғындарымен кездесулер кезінде № 47 және 195 мектептер жанынан салынатын қосалқы нысандар құрылыстарының жобаларымен, сондай-ақ бірқатар шағын аудандарда инженерлік желілер салу жұмыстарының барысымен танысты.
Қала басшысының тапсырмасы аясында Каменское платодағы жалғыз №47 мемлекеттік мектепте 300 орындық бастауыш сыныптарға арналған екі корпус пайда болады.
Бұл оқу орны 1971 жылы салынды, күрделі жөндеу бір рет жүргізілді – 2012 жылы Медеу ауданы бойынша 3,5 мыңға жуық оқушы орындарының тапшылығын қысқарту аясында мектепті кеңейту туралы шешім қабылданды.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин қала басшысына жобаға сәйкес ауданы 400 шаршы метр болатын бір қабатты корпустың бұзылатыны, қолданыстағы үш қабатты ғимаратың реконструкцияланатыны әрі 3200 шаршы метрге екі жаңа ғимарат салынатыны туралы баяндады. Жұмыс барысында спорт залын 2500 шаршы метрге жаңғырту жоспарланған.
Инженерлік желілерді дамыту бойынша аудан әкімі қосымша резервуарлар салынып жатқанын, жоба ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталатынын айтты.
Сондай-ақ жұмыс сапары барысында қала басшысы Медеу ауданындағы оқу орнына барды. № 195 мектеп «Әлмерек» шағынауданында 5000-нан астам тұрғынға арналған жалғыз білім беру ұйымы. Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша құрылыс басқармасы 450 оқушыға арналған қосалқы нысанның құрылыс жобасын әзірледі. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылға жоспарланған.
Ерболат Досаев Алматы қаласының білім басқармасына және аудан әкімдігіне құрылыс кезеңінде балаларды оқыту мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар қарастыруды тапсырды. Қала басшысы жалпы білім беретін мекемелерге қосымша корпустар салу Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасына мектептердің сапалы ұйымдастырылуын қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз етуге жауап беретінін атап өтті.
Ауданды аралау барысында қала әкімі инженерлік желілер құрылысының барысын тексерді. Әлмерек шағын ауданында жобаның бірінші кезегімен 2021 жылы 852 абонент қамтылды, 15 желтоқсанға дейін үздіксіз сумен жабдықтауға және орталық кәрізге тағы 339 абонент қосылады.
Ерболат Досаев Кіші Алматы өзенінің жағалауын абаттандыру жоспарымен де танысты. Қала басшысы аудан әкіміне жақын маңдағы шағын аудандардың тұрғындарына ыңғайлы болу үшін көпірдің астынан сапалы жаяу жүргіншілер өткелін жасауды тапсырды.
Жұмыс сапары барысында Ерболат Досаев халықпен кездесу өткізді және оның барысында қаланың барлық аудандарына қолайлы жағдай жасай отырып, олардың полицентрлік қағидат бойынша дамуын жалғастыратынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет ашық аспан астындағы көше-арт галереясы пайда болды