Алматыда 2021 жылдың соңына дейін 16 мың оқушы орны пайдалануға беріледі

Фото: ИА «NewTimes.kz»
Фото: ИА «NewTimes.kz»
Биыл мектептердің жанынан 17 жаңа корпустардың құрылысы басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын қолдау саясаты жалғасатынын атап өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мегаполистегі білім беру мекемелерінің тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылға қарай елімізде мың білім беру мекемесі салынуы тиіс. Президент Қазақстан халқына Жолдауында осындай міндет қойды.

«Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Алматы Білім басқармасы жоспарлы жұмыс жүргізуде. Карантиндік шектеулерге қарамастан, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беру мекемелерінің желісін одан әрі кеңейту мақсатында қазіргі уақытта 12 600 орындық 8 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде»,– деді Қ. Жұманов.

Алатау ауданында бес жаңа мектеп, Наурызбай ауданында тағы екі, Түрксіб ауданында бір жаңа мектеп ашылады. Салынып жатқан мектептердің үшеуі 2021 жылдың соңында пайдалануға беріледі (Томирис, Саялы және Қалқаман-2 шағын аудандарында).

Сонымен қатар биыл мектептердің жанынан 17 жаңа корпустардың құрылысы басталды, олар: №38, 60, 166, 186, 6, 132, 117, 133, 144, 121, 199, 191, 57, 177, 102, 34, 170; 8 263 орынға арналған.

«№38, 60, 166 мектептерге үш жаңа корпустың құрылысы жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталды және мектептерге алты жапсарлас құрылыс салынды №6, 121, 133, 144, 170, 199 4 150 орын қыркүйек айында аяқталды. Қалған 8 мектептің - №34, 57, 102, 117, 132, 177, 186, №191  4 113   қосалқы  құрылысы  қараша айының соңына дейін аяқталады», – деді Қ. Жұманов.

Осылайша, жыл соңына дейін 16 мыңнан астам оқушы орны іске қосылады.

Білім басқармасы басшысының орынбасары биыл алматылық құрылысшылар №7, 40, 45, 54 және 81 мектеп ғимараттарын қалпына келтіру және сейсмикалық нығайту жұмыстарын жүргізгенін хабарлады.48 мектепті қайта құру, №9, 43 мектептерге қосымша құрылыстар салу және №129, 145, 166 мектептерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар басталды.

Новости партнеров