Алматыда мектептегі сандық жүйенің артықшылықтары туралы семинар өтті

Алматыда мектептегі сандық жүйенің артықшылықтары туралы семинар өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұғалім 40 минуттың ішінде сыныптағы оқушыларға сабақ өткізіп қана қоймай, компьютермен жұмыс істеп те үлгеруі тиіс. Бұл 21 ғасырдың талабына сай ұстаздардың міндеті деді Алматыдағы №175 «Жаңа ғасыр»  мектеп гиманзиясының басшылары.

Сандық жүйеге көшудің артықшылықтарын түсіндіру туралы екі күндік семинарға 200-ге жуық мұғалім қатысып, білім берудегі жаңа технологияның тиімділігімен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Бүгінгі таңда Алматыдағы мектептердің негізгі 16 құжаты толық сандық жүйеге көшірілген. Сонымен қатар, ұстаздар да қағаз құшақтап, есеп өткізіп жүрмеуі тиіс. Тек электронды журнал мен күнделікті уақытылы толтырып, алдын ала бағдарламаға енгізілген қысқа, орташа және ұзақ мерзімді сабақ жоспарларын тиімді пайдалануы қажет.  

«Сандық жүйенің бізге беретін ең пайдалы тұсы – бағаны өз уақытында қою. Егер бағаны мұғалім өз уақытында қоймаса, бүгінгі өткізген сабағына байланысты, ертеңінде-ақ оның пайызы түсіп кеткенін көреміз де, ол мұғалімге шара қолданамыз. Мұғалімнің пайызы түсіп кетсе, мектептің пайызы түседі. Содан соң ауданның, сонымен қатар, қаланың да пайыздық көрсеткіші төмендеп кетпек», – дейді «Жаңа ғасыр» №175 гимназиясы директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Айна ЗАКИРОВА.


Новости партнеров