Студенттердің шәкіртақысы өседі

25.06.2023 22:59

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

aikyn.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысына Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Онда студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға өсетіні айтылған.

«Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр», – деді министр.