Түркістан облысында бір сыныпта оқитын үш жұп егіз мектеп бітіріп жатыр

24.05.2024 23:00

Бұл мектепте биыл 100 оқушы мектеппен қоштасады

Келес ауданы әкімдігі

Түркістан облысы Келес ауданында үш жұп егіз оқушы бір сыныптың түлектері атанып отыр. Төрт қыз және екі ұл бала үлкен өмірге қадам баспақ, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Келес ауданы әкімдігінің мәліметінше, олар - Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының түлектері. Бұл мектепте биыл 100 оқушы мектеппен қоштасады.

Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді егіздерді сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы оқуда да озат екенін айтты.

- Данабай Ақылбек "Алтын белгіге", Данабай Асылбек "Үздік аттестатқа" үміткер. Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса, бірдей заң саласында қызмет ету үшін "Тарих-Құқық" сияқты пәндерді таңдап отыр, - дейді мектеп мұғалімі.

Оқи отырыңыз: Оқу-ағарту министрі қазақстандық оқушыларды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтады