Қазақ ұлттық университетінде Зейнолла Сәнік атындағы баспа-редакциялау орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салтанатты рәсім «Қазақстандағы баспа ісі және Зейнолла Сәніктің баспагерлік, редакторлық қыры» атты республикалық конференция барысында өтті. Іс-шара жазушының шығармашылық мұрасын зерттеу мен талдауға және баспа ісіндегі өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған. Конференцияға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, Зейнолла Сәніктің отбасы, әріптестері, шәкірттері, белгілі баспагерлер мен дизайнерлер, студенттер қатысты.
– Жылда қазақ баспасөзін қолдауға көлемді қаржы бөлеміз. Зейнолла Сәнік мұрасын насихаттап жүрген студенттерге, ғылыми жұмыстардың авторына шәкіртақы тағайындау,сондай-ақ ұлт руханиятының, әдебиетінің өркендеуіне қор қолдау жасап келеді, – деді «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қорының атқарушы директоры Серік Қалиев.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар саха шеберлері жасаған ұлттық аспаптарды тамашалады