|
07.07.2021 | 21:00
1222

Елордада 2025 жылға дейін қанша мектеп салынады

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында жалпы 120-ға жуық білім ордасы бар

Ақмола елорда атанғанда алғашқы жылы 30-дан астам ғана мектеп болды. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында жалпы 120-ға жуық білім ордасы бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел орталығының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге көп көңіл бөлінгенмен, оны ғылым мен білімнің ордасына айналдыруды да ерекше назарда ұстады. Мақсат орындалып, қазақ елінің астанасына шетелдіктер келіп білім алатын мәртебеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақмола елорда атанғанда 1 ғана қазақ мектебі болыпты. Жаңа бас қалада әкімшілік, бизнес, тұрғын-үй нысандарымен қатар, қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшалар көптеп салына бастады. Өйткені бұл Тұңғыш Президенттің алға қойған басты мақсаты болды, деп еске алады Мәжіліс депутаты Әмірхан Рахымжанов. Ол сол уақыттарда Білім және ғылым министрлігінде, кейін қаланың білім департаментін басқарып, бұл саланың қандай қарқынмен дамығанын жете біледі. 

«Ол кезде бір ғана қазақ мектебі №4 мектеп  болатын. Бүгінде қазақ мектептерінің саны орыс мектептерден, аралас мектептерден озып кетті. Қазақ мектептерінің білім сапасы да жоғары. Қазақстаннанның әр өңірінен мықты мамандар келіп, Елбасының жоспары бойынша, ол кісінің бағдарламасы бойынша тұрғын үй мәселелері, мемлекеттік бағдарлама бойынша, әртүрлі бағдарлама бойынша ұстаздар, дәрігерлер, басқа да салада жұмыс істеп жүрген мамандар пәтер алып бүгін отбасымен тұрып жатыр», ‒ деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рахымжанов.

1996 жылы Еуразия Ұлттық университеті ашылып, астанаға қажет кадрларды даярлау мәселесі басты назарға алынады. Ол үшін жоғары оқу орнының өзіне білікті мамандар мен ғалымдар қажет еді. Осылайша әр өңірден мықты ұстаздарды тарту жұмыстары жүргізілді. Елордаға оқытушылық қызметке келген алғашқы лектің ішінде филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы да бар. Арайлы Алматыны қимаса да, жастық жалын, асқақ арман жаңа астанаға жетелеген.

«Еуразиялық миссия. Жаңа заманда, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан қандай болуы керек? Жастары қандай болуы керек? Өткені қандай болуы керек? Бүгіні қандай болуы керек? Болашағы қандай болуы керек? Осыған Еуразия ұлттық университеті жауап берді. Мысалы, ешқандай мықты университет он жылдың немесе 20 жылдың айналасында қалыптасып үлгермейді. Мықты оқу орнынына айналмайды. Тек қана біз ғалымдардың әр жерден өзінің ғылыми мектебін алып келуі бұл үрдісті жылдамдатты», ‒ деді филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы.

Қалада ішкі миграцияға байланысты жыл сайын білім беру нысандарының саны артып келеді.  Кешенді жоспар шеңберінде 2025 жылға дейін 50 мектеп салу көзделген. Осылайша жаңа білім ордалары үш ауысымды мектептер санын 8-ден 4-ке қысқартуға мүмкіндік бермек. Ал, кейіннен ашылған Назарбаев интеллектуалдық мектептері мен Назарбаев университеті жоғары білім сапасының көрсеткіші ретінде тек ел ішінде ғана емес, әлемге танылды.

Асылбек Тойбек, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир