Оның айтуынша, олар жақсы жұмыс орнына орналаса алмайды
Қазақстандық ЖОО түлектері бәсекеге қабілетсіз. Осылай деген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі түлектердің біліктілігін сынға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, олар жақсы жұмыс орнына орналаса алмайды. Білім беру саясатын жоспарлап, оны жүзеге асыру жолында әлі де жұмыс жасау керек.
«Қазақстанда қазір бала туу көрсеткіші артып келеді. Тек 2021 жылдың өзінде 446 мың бала дүниеге келген. 20 жылдан кейін оларды жұмыспен қамтамасыз ету керек. Бірақ жақсы жұмыс орындарының жетпей қалу қаупі бар», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.