|
04.04.2024 | 18:25
308

Алматыда III халықаралық Фараби форумы өтіп жатыр

Форумда 4 томдық түркі халықтары философиясы анталогиясының тұсаукесері өтті

Алматыда III халықаралық Фараби форумы өтіп жатыр Almaty.tv

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған III халықаралық Фараби форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға қатысушылар ғылым мен білімнің интеграциясына, қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік және тұлға мәдениетін жетілдіруге қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылауда. Форумға бірнеше мемлекеттің өкілдері онлайн және офлайн форматта қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ университет ғалымдары мерейтой қарсаңында бірқатар құнды еңбектерді жарыққа шығарып, 90 жылдыққа тарту етті.

– Фараби форумының белгілі дәстүрі бар. Бұл форумға негізінен Қазақстан ғалымдары, ұстаздары ғана емес, дүниежүзі атсалысып келеді. Көптеген елде Фараби орталығы ашылған. Форумда 4 томдық түркі халықтары философиясы антологиясының тұсаукесері өтті, – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Ғабитов.

Оқи отырыңыз: Lift Expo Kazakhstan – 2024: Алматыда II халықаралық көрмес басталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир