Жеке тұлғалар көбіне мектеп басшылығының заңсыз әрекетін, ақша жинау деректері мен қосымша ақы сұрау жөнінде шағымданған
Алматыда білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 70-ке жуық өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жеке тұлғалар көбіне мектеп басшылығының заңсыз әрекетін, ақша жинау деректері мен қосымша ақы сұрау жөнінде шағымданған. Барлық арыз тастағандарға мамандар жазбаша жауап жібереді. Ал заңбұзушылық жасағандарға тиісті шара қолданылған. Бүгін онлайн-брифингте білім сапасын жақсартып жатқан департамент онлайн есеп берді. Сондай-ақ, «Педагог мәртебесі» заңы аясында ұстаздарға да жұмысы туралы түсіндірме жұмысы жүргізіледі деді.
«Қыркүйектен қазан айына дейін Алматы және Алматы облысының педагогтары ұлттық кәсіби біліктілікке тест өтті. Бас аяғы 9951 ұстаз тесттен өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ 2325 мұғалім тест тапсыруға келмеді. Осылайша 7626 педагог қатысты. Ал белгіленген ережені бұзған 114-і тест тапсыру құқығынан айырылды», – деді қалалық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева.