Қазақстандық ЖОО Түркияда білім алып жүрген студенттерді қабылдауға дайын

08.02.2023 23:29

Түркиядағы елшілігі берген мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда онда 8 мыңнан аса отандық студент оқып жатыр

jana-kezen.kz

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркияда білім алып жүрген жерлестер мен қандас студенттерді қабылдауға дайын, деп хабарлайды Almaty.tv

Бүгін еліміздің жауапты министрлігі осындай мәлімдеме жасады. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі берген мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда онда 8 мыңнан аса отандық студент оқып жатыр. Олардың арасында 11 "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты бар. Ғылым және жоғары білім министрлігі төтенше жағдай, табиғи апат, соғыс, қарулы және әскери қақтығыстар кезінде студенттерді елге ауыстыра алады.