Алматыда «Этноәлеуметтік процестер» атты ғылыми жинақ жарық көрді

08.12.2023 23:31

Алматыда ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті

Almaty.tv

Алматыда ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Басқосу «Этноәлеуметтік процестер» атты ғылыми еңбектер жинағының тұсаукесеріне арналған., деп хабарлайды Almaty.tv.

Зерттеу жұмысына этносаяси процестерді зерттейтін шетелдік саясаттанушылар, философтар мен тарихшылардың мақалалары енген. Жинақ ұлтаралық қатынастар, мемлекет құру мәселелеріне қызығушылық танытқан қалың жұртшылыққа бағытталған.

– Халықтың әлеуметтік жағдайы, олардың көзқарасы, адамдардың жаңа идеяларды қалай қабылдайтыны, осының бәрі – қызық. Халықтың жаңа, әділетті Қазақстанды қалай елестететіні біздің зерттеуге арқау болды. Мұның бәрі біздің көпшілікке ұсынғымыз келетін ғылыми жинақтың негізін құрайды, – деді қалалық ҚХА ғылыми-сарапшылар тобының төрағасы Мұхтарбек Шайкемелов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келіссөздер сәтті аяқталды