Жас маман тәжірибе жинау үшін аймақты өзі таңдай алмайды

Жас маман тәжірибе жинау үшін аймақты өзі таңдай алмайды
Кәсіптік стандарт та жаңартылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ЖОО тәмамдаған студент педогогикалық тәжірибе өту өңірін таңдау құқығынан айырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған дейін жас маман тәжірибе жинау үшін қалаған облысты таңдап, біліктілігін арттыратын. Алайда, ол ауылда қолына енді ғана диплом алған маманды үйрететін методист пен тәлімгердің бар-жоғын ешкім тексермейтін еді дейді Асхат Аймағамбетов. Енді, ведомство бұл процесті қатаңдатпақ. Сондай-ақ мұғалімдерге деген талап күшейтіліп, енді олар әр үш жыл сайын біліктіліктерін арттыруы тиіс болады. Бұрын бұл курсты ұстаздар 5 жыл сайын оқитын еді.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы мектептердің бірінде өткен тамыз конференциясының панельдік сессиясына өзге министрлер секілді көмекшілері мен баспасөз қызметшілерін ерітпей, жалғыз келді. Келе сала бірден мұғалімдердің баяндамасын тыңдап, саладағы жаңашылдықтарын бөлісті. Министрдің сөзінше, педагог мамандығы бойынша диплом алған жас мұғалім, мектеп қабырғасында тәжірибеден өтіп, сабақ беру тәсілін ұзақ жыл ұстаз етіп келе жатқан маманнан үйренуі керек. Осыған дейін жас маман өзі қалаған өңірді таңдап, алты апта үйінде демалатын. Енді, талап күшейтіледі. Сондай-ақ, кәсіптік стандарт та жаңартылып жатыр екен.

«338-бұйрықтың орнына келетін бұл өте маңызды құжат. Ол кәсіптік стандарт. Жалпы мұғалім нені білу керек? Мұғалім қандай болу керек деген өте маңызды құжат. Қазір бұл кәсіптік стандартты жаңарттық. Сіздермен оны үлкен талқылауға шығарып жатырмыз. Осы кәсіпітк стандарт бойынша біздің университет кадр дайындайтын болады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов..

ЖОО жаңа дайындалған құжат бойынша студенттерді оқытса, мұғалімдердің біліктіліктерін арттыратын орталықтар да дәл сол ереже бойынша курстан өткізеді. Сонымен қатар, енді мұғалімдерге курстан бұрынғыдай әр бес жыл сайын емес, үш жылда бер рет өту міндеттелетін болды.  

«Бұған дейін бізде көбінесе әдістемелік, жаңартылған білім берілді. Сыни тұрғыдан ойлау, критериялық бағалауға назар аударылса, қазіргі таңда біз пәнге  көңіл аудардық. Мұғалімге өз пәні қызықты. Сол себептен осы пәнге негіздеп, пән аясындағы күрделі тақырыптарды талқылау қазіргі таңда курстың мақсаты болып табылады. Жаңашылдық осы деп есептейміз», – деді  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының департамент директоры Ержан Тілеубергенов.

Панельдік сессияда Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің біліктілігін арттыратын орталықтар білім беру жүйесін қалыпқа келтіріп, ұстаздардың білім сапасын арттыратынын айтты.

Өмір Серікбекұлы, Нұрлан Өтегенов, «Алматы» телеарнасы, Нұр-Сұлтаннан

Новости партнеров