Биыл 360 мыңнан астам қазақстандық оқушы алтын ұя мектебімен қош айтысқалы отыр
Оқу жылының аяқталуына да санаулы апта қалды. Биыл 360 мыңнан астам қазақстандық оқушы алтын ұя мектебімен қош айтысқалы отыр. Талапкерлер алдағы тестілеуде қандай мамандықтарды таңдаған? Мемлекеттік грант иегері атану үшін олардың қандай салаға барғаны дұрыс? Басымдық қай бағытқа берілген? Осы сұрақтарға "Алматы" телеарнасының студия қонағы Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Сапарқожаев жауап береді:
– Соңғы 2-3 жылда педагогикалық мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Мемлекеттің мұғалімдерге деген көзқарасын оңды тарапқа өзгерді. Соңғы жылдары мұғалімдердің жалақысы өсті. Осы мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы көбейді. Соған байланысты қазір талапкерлер мұғалім мамандығын таңдайды. Одан бөлек, техникалық мамандықтар мен инженерлерге сұраныс жоғары. Ақпараттық – технологиялық мамандықтарға көп көңіл бөле бастады. Жыл сайын ҰБТ-ның баллы жоғарылағанын айтуға болады.
– Мектеп түлектері тегін оқу мүмкіндігіне ие болу үшін қай саланы таңдағаны дұрыс? Мемлекеттік грант қай бағытқа көбірек бөлінеді?
– Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері тапшы болғандықтар, педагогикалық мамандықтар бойынша грант санын көбейтіп келеміз. Бұл конкурс талабының жоғары болғанына байланысты. Нарықта бұрын заңгер мен экономист керек болса, қазір техникалық инженерлік мамандық қажет.