Британдық журналистің Қытайдан көшкен қазақтар туралы жазған кітабы қазақ тіліне тәржімаланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кітап алғаш рет 1956 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген. Автор Шыңжаңда қытай коммунистеріне қарсы күрес жүргізген қазақтардың өз жерлерін тастап, Үндістанға, одан ары Түркияға жеткен жолындағы қиындыққа толы оқиғаларын баяндаған. «Аспантау асқан үркін көш» туындысы сол көш туралы жазылған алғашқы кітап дейді баспагерлер.
«Годфри Лайас автор ретінде 1954 жылы Стамбұлға барып, көштен аман қалған қазақтармен кездесіп, олардың айтқандарын жазып алған. Соның негізінде осы кітап жарық көрген. Бұл осы көш тақырыбында жарияланған алғашқы кітап деп айтуға болады. Сонысымен құнды», – дейді баспагер Бақытжан БҰҚАРБАЙ.