Жоба білім басқармасы және Мемлекеттік қызмет істері департаменітімен бірлесіп жүзеге асырылуда
Алматы мектептерінде «Ата-аналар қонақжай бөлмесі» ашыла бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл білім ошақтарының әкімшілік аумақтарын оңтайландыру нәтижесінде мүмкін болып отыр. Жоба білім басқармасы және Мемлекеттік қызмет істері департаменітімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бүгінде қаладағы 204 мектептің 34-інде ол жұмыс істеп отыр.
«Ата-аналар қонақжай бөлмесінің ашылу мақсаты - отбасы мектеп оқушы арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайту, ата-анамен жаңа форматта жұмысты жандандыру. Оқушы мен мектеп психолог арасындағы байланыстың белсенділігін арттыру болып табылады», – деді Алматы қаласы №110 мектеп-гимназиясының директоры Жанар АБИТОВА.
«Метрода да «Адал жол» ашылды. Сол сияқты көптеген шаралар жұмыс жүргізілуде. «Адалдық алаңы» деген сөз енді Алматы өз қаламыз, өз патриоты болғандықтан біздің елімізде, қаламызда барлығы таза болса, жемқорлық болмаса екен деген оймен осы жастарды бастап жатырмыз», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының басшысы Серік ПІРІМБЕТОВ.