Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн-брифинг барысында мәлімдеді
Алматы мектептерінде 193 кезекші топ санитарлық нормаларды қатаң сақтап, жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
Алматы мектептерінде 1963 бала оқитын 193 кезекші топ құрылады. Кезекші топтар 1 және 2-сынып оқушылары арасында құрылады. Биыл бастауыш сыныптардағы балалар 90 сыныпқа бөлініп, саны – 1034 бала болды. 3 және 4-сынып оқушылары үшін кезекші топтардың ашылуы кезең-кезеңмен қаралатын болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, кезекші топтардағы сабақтарды мектеп әкімшілігі бекіткен бастауыш сынып мұғалімі жүргізеді.
«Алматы қаласы әкімінің білім қызметкерлерінің тамыз форумында берген тапсырмасына сәйкес, қала мектептерінің бірінші сыныптарына алғаш рет түскен балалармен білікті мұғалімдер жұмыс істейтін болады», – деді Л. Жылқыбаева.
Бұдан басқа, штаттық режимде арнайы, түзету мектеп-интернаттарының бастауыш сынып оқушыларын оқыту ұйымдастырылады. Сыныпта орташа есеппен 10-12 адамды оқитын болады.
Сонымен қатар, Басқарма басшысы мектептердің кезекші топтарына іріктеу кезінде критерийлердің жоқтығы туралы хабарлады. Оның айтуынша, басты басымдық жұмыс істейтін ата-аналарға беріледі.
«Баласының қасында үнемі болатын ата-аналарға баланың жанында болу ұсынылады. Өйткені , ең басты мәселе – баланың қауіпсіздігі. Баламен үйде айналысуға мүмкіндік болмаған жағдайда, ата-ана мектепке өтініш жаза алады», – деп толықтырды спикер.
Мектептерде, аудандық білім беру бөлімдерінде және аудандық эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерімен кезекші топтар ашылар алдында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына аудит жүргізілетін болады. Кезекші топтар мектептердің санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі анықталғаннан кейін ғана жұмыс істейтін болады.