Алматыда жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Қалада 182 мың студент бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға келген 123 мың студенттің шамамен 30 мыңы ғана жатақханаларға орналасқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Себебі студенттер үйі жетіспейді. Жаңа оқу жылы басталғанда жыр болатын жағдай әлі толық шешім тапқан жоқ.

Әлеуметтік желілерде студенттердің көше жағалап, сыртта түнегені туралы ақпар желдей есіп еді. Министрлік өкілі мұны жоққа шығарды. Жауапты мамандар да мұндай фактінің тіркелмегенін айтады. Дегенмен, Алматыға білім алушылардың ағылып келетіні, тиісінше жыл сайын жатақхананың жетпейтінін жасырмады.

«Естегеннен кейін  жас ұйымдармен бірігіп, Алматы қаласындағы көшедегі скверлерді, Алматы-1, Алматы-2 вокзалдарын, Сайран автобекетіне барып, түнгі маниторингке шықтық. Енді қуанышымызға шығар, шыны керек вокзалдарда да, саябақтарда да ешкімді тапқан жоқпыз», – деді Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Ғазиз Қажденбек..

Бұған дейін қаладағы 95 жатақхананың жиырмасына ескерту берілген. Мониторинг барысында олардағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптың сақталуы, жөндеудің өз уақытында біткен-бітпегені есепке алынған еді. Ал орын тапшылығын азайту үшін ендігіде хостелдер де жатақхана қызметін атқарады.

«Алматының өзінде қала әкімдігімен, министрлікпен бірге келістік. Қосымша хостел, жатақханадан қазірдің өзінде 7000-нан астам орын тауып, келісіп, студенттерді орналастырып жатыр», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Оқу жылы басталғанымен, әлі атқарылар жұмысты аяқтамаған жатақханалар да бар. Бүгінгі мониторингте оның бәрі есепке алынды. Ал бұған дейін ескерту алғандар жөнге келіпті.

Алматыда 182 мың студент бар. Оның 123 мыңы басқа қаладан келген. Әуелгі кезекте жатақханаға мұқтаж болатын да – осылар. Қазір қалада 95 студент үйі бар. Дегенмен орын тапшылығы әлі де күн тәртібінен түспейді.

Мадина Оқас, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров