Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық конференция өтті
Академик Сұлтан Сартаевтың туғанына биыл 95 жыл. Осыған орай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алқалы жиынға отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері және оқытушы-профессорлар қатысты. Айта кетейік, көрнекті қоғам және саяси қайраткердің құқық саласын дамытуға қосқан елеулі еңбегі зор. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны, тәуелсіздік, тіл туралы заңды жасауға, сондай-ақ оны қабылдауға атсалысқан ғалым.
«ҚР Конституцияның негізін қалаушы академик Сұлтан Сартаевтың 95 жылдығына байланысты конференцияны Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес технологиялары ғылыми-зерттеу институты мен заң факультеті қылмыстық құқық, криминилогия және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы бірлеcе ұйымдастырды. Бұл бірлескен іс-шара Сартаевтың Қазақстан заң ғылымындағы конститутциялық заңдылықты сақтаудағы рөлін көрсету, келесі ұрпаққа жеткізу үшін жасалып отыр деп есептейміз», – деді заңгер Орынбасар Тілепберген.