Алматыдағы балабақшада ерекшелік көп - ресейлік ғалым

Almaty.tv
Almaty.tv
№1 бөбекжай жұмысымен Корей, Ресей, Өзбекстан, Монғолия елдерінен келген профессорлар мен доценттер танысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Үйретерімізден үйренеріміз көп». Алматыдағы мектепке дейінгі білім жайымен танысқан шетелдік ғылым саласының белді мамандары бүгін осындай баға берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік балабақшаны аралаған профессорлар бөбектерге тәрбие беру ісіне қатысты тәжірибесін бөлісті.

– Кейбір мемлекетпен салыстырғанда балаларды мектепке дайындау ісі жақсы. Балабақшадағы бала санының көптігі, тапшылығы – әр мемлекетте бар мәселе. Ал Қазақстанның ерекшелігі балалардың еркін дамуына терең мән береді, – деді Моңғолия Білім министрлігінің басқарма маманы Сандуғаш Қариқызы.

Айта кетейік, Білім басқармасына қарасты №1 бөбекжай жұмысымен Корей, Ресей, Өзбекстан, Монғолия елдерінен келген профессорлар мен доценттер танысты. Барлығы да ағартушылық саласында тәжірибесі мол маман. Ал іс-шараны басқарма мен Қазақ қыздар педагогикалық университеті біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырған.

– Татарстанда да тәрбие беру ісінде түрлі бағыттағы балабақша бар. Онда да Қазақстандағыдай дәстүрді дәріптейді, мектепке арнайы даярлайды. Салыстыра келгенде ұқсастық жетерлік. Алайда Алматыдағы балабақшадан көп ерекшелік байқадым. Мұнда бүлдіршіндердің ой еркіндігі, жеке психологиясы мен қоғамға сіңу мәселесіне салмақпен қарайды, – деді Қазан федералдық университетінің доценті Алла Твордовская (Ресей).

Оқи отырыңыз: «Алматы – біздің ортақ үйіміз»: бояу алып, қоршауыңды боя

Новости партнеров