|
21.09.2021 | 19:38
3878

Алматыда «Digital Ustaz Almaty» педагогтар арасындағы қалалық конкурстың Байқау кеңесінің бірінші отырысы өтті

Цифрлық технологияларды қолдануды танымал етуге бағытталған конкурс 3 кезеңде өтеді

Алматыда «Digital Ustaz Almaty» педагогтар арасындағы қалалық конкурстың Байқау кеңесінің бірінші отырысы өтті

Тамыз айының соңында басталған «Digital Ustaz Almaty» атты педагогтар арасындағы жыл сайынғы қалалық конкурстың аясында, Байқау кеңесінің мүшелеріне конкурсты одан әрі ілгерілету бойынша ағымдағы нәтижелер мен жоспарлар таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отырыс барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әсіресе пандемия кезінде білім берудің жаңа стандарттарға көшуінің маңыздылығын атап өтті.

«Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда цифрлық білім беру саласында педагогтердің тек 50%-ы базалық компьютерлік сауаттылықты пайдаланады. Ал мұғалімдердің тек 13%-ы цифрлық құзыретке ие. Сондықтан оқу процесін заманауи, қолжетімді және, ең бастысы, балаларға түсінікті ету үшін республиканың барлық мектептерінде білім беруді трансформациялауға жол салатын алғашқы «Digital Ustaz Almaty» қалалық конкурсы ұйымдастырылған», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жобаның бірлескен ұйымдастырушысы, «EdCrunchAcademy» заманауи білім беруді дамыту институтының өкілі  Нұрлан Қиясов жүргізілген зерттеулерге сәйкес, мұғалімдердің көпшілігі оқытудың ескірген әдістерін қолданатынын растады. 

«Біздің қашықтықтан білім беру әдісіміз – тұтынушыға мазмұнды «жедел жеткізу» жүйесі болып табылады. Оған қоса, осы күнге дейін тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де оқу мен ақпараттың қол жетімділігінің теңсіздігі бар. Конкурс халықаралық сарапшылардан цифрлық білім беру саласында білім бере отырып, барлық мұғалімдерді біріктіруге бағытталған. Нәтижесінде қала әр бала үшін жаңа ынталандырушы орта мен мұғалімдерге арналған 100 жаңа әдістемеге ие болады», - деп атап өтті сарапшы.

Жобаның идеясын Кеңестің тең төрағасы, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ директоры Динара Кулибаева да қолдап, Digital Ustaz Almaty конкурсын өткізу бастамасы Алматы қаласының мұғалімдері үшін жақсы ынталандыру болатынын атап өтті.   

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда тіркелген бір жарым мыңнан астам мектеп педагогтары «Digital Ustaz Almaty» бірінші қалалық конкурсының аясында халықаралық сарапшылардан білім алуда. Мектепте оқыту процесі барысында цифрлық технологияларды қолдануды танымал етуге бағытталған конкурс 3 кезеңде өтеді, оның барысында қатысуға өтінім берген 1-12 сынып мұғалімдері сала мамандарының вебинарларын тыңдап, өз материалдарын, сабақтары мен шеберлік сыныптарын пысықтап, әлемнің үздік сарапшыларынан оқудан өтулері қажет.

«Digital Ustaz Almaty» шеңберінде педагогтар SMM және блогинг, цифрлық қауіпсіздік негіздерін, инфографиканы құруды үйренеді. Контент-жоспарлар құру және медиа материалдармен жұмыс істеуден басқа, мұғалімдерге ыңғайлы қосымшалар мен қызметтер ұсынылады, ал оң тәжірибесі бар әріптестер кеңестерімен вебинарларда бөліседі.  

Конкурсқа өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына екі аптадан аз уақыт қалды – 1 қазан күні «Digital Ustaz Almaty» қатысушылары арасында екінші турға өтетін 100 үздік педагог іріктеледі, онда цифрлық құралдарды пайдалана отырып сабақ әзірленетін болады. Ал қараша айында финалға Финляндияға тағылымдамаға бару үшін күресетін 30 мұғалім жіберіледі.

Жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, Алматы қаласы әкімдігінің, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ, «EdCrunchAcademy» заманауи білім беру институтының ұйымдастыруымен өткізілген. Бас серіктес «Алматы кітап баспасы» болды.

Байқау кеңесінің құрамына Алматы қаласы әкімдігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ еңбек сіңірген педагогтар мен білім беру мекемелерінің өкілдері кірді.


«Digital Ustaz Almaty» Байқау кеңесінің құрамы:

Кеңес төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев,

Кеңестің тең төрағасы, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ директоры Динара Кулибаева,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова,

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров,

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева,

«Сәби» ҚҚ Президенті, Ш. Уәлиханов атындағы мектептің құрылтайшысы Әсел Тасмағамбетова,

TanmediaGroup Директорлар кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты   Арманжан Байтасов,

«Алматы кітап баспасы» Директорлар кеңесінің төрағасы Элеонора Баталова,

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, Дархан Біләлов,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, Ирина Смирнова,

Алматы қаласы №47 мектеп мұғалімі, блогер, Сұлтан Сүлеев,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, Жұлдыз Сүлейменова,

Химия пәнінің мұғалімі, ForbesKazakhstan «30 моложе 30» рейтингінің қатысушысы Ұлан Үсенов,

Алматы жыл мұғалімі-2020, № 133 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Мақпал Чукеева.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Прямой эфир