Алматы мен Шымкент мектептері оқушы санына қарай қаржыландырылады

07.03.2019 00:22

Енді мектеп бюджеті тікелей оқушы санына қатысты болмақ

Биыл Алматы мен Шымкент қаласындағы мектептерде жан басына қатысты қаржыландыру енгізіледі. Бұл білім ошақтары арасындағы бәсекелестікті арттыруға, жеке капиталды тартуға бағытталмақ. Алматыға арнайы келген сенатор Бақытжан Жұмағұлов бастаған топ бүгін осы мәселені талқылау үшін ұстаздар қауымымен және ата-аналар комитетінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Енді мектеп бюджеті тікелей оқушы санына қатысты болмақ. Аталған қадам жекеменшік мектептер желісінің дамуына серпін береді дейді депутаттар. Бұл өз кезегінде, жартылай мемлекеттік мектептердің жүктемесін азайтып, оқушыларға орын жетіспеушілігі мәселесін біршама шешеді екен.

Айта кетейік, аталған жаңашылдық былтыр Астана қаласының 90-ға жуық білім ошағына енгізілген.