Алматыда ХАТУ бұрынғы ректоры қамауға алынды

18.06.2019 04:07

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Дамир Шыныбековке қатысты екі айлық мерзімге қамауда ұстау түріндегі тыйым салу шарасын қолданды», - деді Дияс Махамбетов.


Шыныбековке қатысты  ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе жұмсау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.