|
20.08.2020 | 19:29
7721

Алматының Түрксіб ауданында №117 Бөбекжай-балабақшасы жөндеуден кейін қайта ашылды

Алматыда жұмыспен қамтудың жол картасы аясында балабақшаның кезекті жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматының Түрксіб ауданында №117 Бөбекжай-балабақшасы жөндеуден кейін қайта ашылды @almaty_akimat

Алматыда жұмыспен қамтудың жол картасы аясында балабақшаның кезекті жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Алматының Түрксіб ауданында №117 Бөбекжай-балабақшасы жөндеуден кейін ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, аумақты абаттандыру мен көгалдандыруда әлеуметтік инфрақұрылым құруға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде қолайлы жағдай жасау, жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Жалпы Алматы қаласы бойынша балабақшалардағы орын тапшылығын азайту мақсатында, 2020 жылы 550 орындық 3 мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды. Атап айтсақ, Бостандық ауданындағы № 21 мектеп аумағында 120 орындық, Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» ықшамауданында 280 орындық, сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік аясында Бостандық ауданы, «Асыл Тау» ТК аумағында 150 орындық балабақша қолдануға берілді.

Сонымен қатар, 520 орындық мектепке дейінгі 3 мемлекеттік мекеменің құрылысы жалғасуда. Наурызбай ауданындағы (№186 және 187 мектеп аумағында 120 орын, Түрксіб ауданы, Жас Қанат ықшамауданында 280 орын).

Қазіргі уақытта 8 балабақшада (№ 16, 23, 71, 86, 114, 116, 141, 186) сейсмикалық күшейту жұмысына қатысты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 93 мектепке дейінгі ұйымдарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 1,4 млрд.теңгеге тең жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

№117 "Бөбекжай-балабақшасына барып, ғимаратты жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанымен танысуға болады.

«2020 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаражат бөлгені үшін әкімдікке ризамыз. Сол қаражатпен ғимаратқа жақсы жөндеу жұмысын жасадық. Өйткені, біздің ғимаратқа жөндеу қажет болды. Жаңа есіктер орнатылып, жаңа линолеум төселді. Учаскелердегі жабдықтарды ішінара ауыстыру, дуалдар мен жабдықтарды сырлау жұмыстары жүргізілді», – деп хабарлады №117 балабақша меңгерушісі Ирина Корнакова.

Балабақшаны жөндеу «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жөндеуге 13 адам жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары 3 айға жалғасты.

Балабақша меңгерушісінің айтуынша, мекеме 3 жастан 6 жасқа дейінгі 112 балаға есептелген. Балабақшада 33 адам жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің 30.05.2020 №33 «Нысандардың жұмысын ұйымдастыру тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим талаптарын қатаң сақтаған жағдайда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде (жасына қарай) кезекші топтар ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда №117 Бөбекжай-балабақшасында үш кезекші топ жұмыс істейді. Бір топта 10-ға жуық бала бар.

«Кезекші топтар карантин кезінде барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс істеуде. Санитайзерлер, бактерияға қарсы кілемшелер орнатылды. Маска режимі сақталады, жиһаз балаларды қабылдау ережелеріне сәйкес 1,5 м қашықтықта орналастырылған. Дезинфекциялау, кварцтау, желдету әр бір жарым сағат сайын жүргізіледі. Күні бойы медбике топтарды аралап, тексеріп отырады», – деді Ирина Корнакова.

Өткен жылы әкімдіктің көмегімен балабақшада бейнебақылау жүйесі орнатылды.

«Бейнебақылау-ең алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін қажет. Енді ата-аналар да, тәрбиешілер де тыныш. Өйткені балалар бақылауда. Мен балабақшада не болып жатқанын көре аламын. Бейнебақылау балабақша ішіндегі тәртіпті сақтау үшін қажет. Камералар әрдайым жұмыс істейді», – деп қорытындылады И. Корнакова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир