Баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болады

Almaty.tv
Almaty.tv
№203 ЖББ мектепте шәкірттердің сауаттылығын жетілдіруге бағытталған іс-шара өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Кітапты сүйіп, көңілге түйіп оқы». Осындай атаумен Алматыдағы №203 ЖББ мектепте шәкірттердің сауаттылығын жетілдіруге бағытталған іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған жиынға білім алушылар ғана емес, ұстаздар мен мектеп қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар белсенді қатысып, өнерін паш етті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, мемлекеттік тілдегі көркем шығармаларды тануға деген қызығушылығын арттыру арқылы дүниетанымын кеңейту және рухани тәрбие беру.

– Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын ояту және балалардың шығармашылығын дамыту, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру – басты міндет, – деді № 203 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Қайрат Абылайұлы.

– Бұл жерде оқушылар кітап оқуға үйренеді, сонымен қатар ойлау қабілеті дамиды. Қазіргі кезде оқушылар интернетті көп пайдаланады. Бұл – оқушыны кітапқа қызықтырудың бір жолы, – деді  № 203 жалпы білім беретін мектептің кітапхана қызметкері Нұршат Тәліпбаева.

Оқи отырыңыз: Ветер перемен: оқушылар көрермен назарына қойылым ұсынды

Новости партнеров