№203 ЖББ мектепте шәкірттердің сауаттылығын жетілдіруге бағытталған іс-шара өтті
«Кітапты сүйіп, көңілге түйіп оқы». Осындай атаумен Алматыдағы №203 ЖББ мектепте шәкірттердің сауаттылығын жетілдіруге бағытталған іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған жиынға білім алушылар ғана емес, ұстаздар мен мектеп қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар белсенді қатысып, өнерін паш етті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, мемлекеттік тілдегі көркем шығармаларды тануға деген қызығушылығын арттыру арқылы дүниетанымын кеңейту және рухани тәрбие беру.
– Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын ояту және балалардың шығармашылығын дамыту, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру – басты міндет, – деді № 203 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Қайрат Абылайұлы.
– Бұл жерде оқушылар кітап оқуға үйренеді, сонымен қатар ойлау қабілеті дамиды. Қазіргі кезде оқушылар интернетті көп пайдаланады. Бұл – оқушыны кітапқа қызықтырудың бір жолы, – деді № 203 жалпы білім беретін мектептің кітапхана қызметкері Нұршат Тәліпбаева.
Оқи отырыңыз: Ветер перемен: оқушылар көрермен назарына қойылым ұсынды