Білім министрі мектеп бітірушілердің кешін аста-төк той етіп жасауға қарсылығын білдірді

Білім министрі мектеп бітірушілердің кешін аста-төк той етіп жасауға қарсылығын білдірді
Күләш ШӘМШИДИНОВА мұндай салтанатты шара мектеп аумағында өтуі керек деп есептейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мектеп бітірушілердің кеші оқу орындарында өтуі керек. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектеп бітірушілер өміріндегі маңызды күнді тойлау форматын қайта қарауды ұсынды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Министрдің сөзінше, соңғы жылдары түлектер мен олардың отбасылары бір күндік шара үшін шығынға батып келеді. Аста-төк ақша шашумен қоса, салтанатты басқосу қымбат көйлектер көрмесін көрсету жарысына айналған. Ведомство басшысы оқуын бітірушілер мен мұғалімдер үшін ерекше әрі сырласатын кешті мектеп қабырғасында жасауды ұсынды.

«Мұндай салтанатты кештер тек мектептің аумағында ғана өтуі керек деп санаймын. Артық ақша шашудың қажеті жоқ. Аста-төк отырыс жасамау керек. Қымбат көйлек алудың да қажеті шамалы. Түлектер кеші өзара бәсеке үшін жасалмайды. Мектеппен қоштасу кеші жанға жайлы кездесу болып өтуі керек. Балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің салиқалы отырысы болуы қажет», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Күләш ШӘМШИДИНОВА

Министр биыл бірінші маусымнан бастап жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің айлықтарына 30 пайыз қаржы қосылатынын да айтты. Бұл жақсы жаңалыққа біріншіден еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, психологтар, балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілері қосылады. Оқу орындарындағы еден жуушылар, күзетшілер мен от жағушылардан бөлек, мектеп директорлары мен орынбасарлары да жаңашылдықтан кенде қалмақ емес.

Новости партнеров