Алматыдағы студенттер үйінде қауіпсіздік шаралары қалай жүріп жатыр

12.08.2022 00:40

Мегаполисте 36 жоғары оқу орны және 95 жатақхана бар

Almaty.tv

Қазіргі таңда мегаполисте 36 жоғары оқу орны және 95 жатақхана бар. Білім алатын студенттердің саны 255 мыңға жеткен, ал олардың 30 мыңнан астамы жатақханада тұрады. Осыған орай жастар саясаты басқармасының мамандары  білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін университеттердің студенттер үйіне рейд жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Студенттердің қауіпсіздігін, олардың құқықтарын қорғау мақсатында біз өзіміз топ құрдық. Ол жерде әлеуметтік НПО-лар да бар.Барлығымыз қосылып, белсенді жастар да бар. Әкімдік өкілдігінен мониторингқа шығып жатырмыз», – деді Жастар саясаты басқармасының бас маманы Жұлдыз Жорабек.