Алматыдағы ядролық физика институтына биыл 65 жыл толды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мерейтой аясында әлемнің 17 елінен 300-ден аса ғалым жиналды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы ядролық физика институтына биыл 65 жыл. Мерейтой аясында әлемнің 17 елінен 300-ден аса ғалым жиналып, халықаралық ғылыми форумда пікір алмасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әсіресе Жапониядан келген белді инвесторлар мекеменің жұмысына жоғары баға берді. Өйткені, соңғы бес жылда екі ел арасында бірнеше келісім-шартқа қол қойылған. Қазір Жапония институттың радиоактивті изотоптарын пайдаланады. Айта кетейік, ол қатерлі ісіктің дамуын тоқтату үшін сәулелену көзі ретінде кеңінен қолданылады. Басқалары диагностикалық мақсатта кәдеге жарап жатыр. Одан бөлек, екі ел арасында медицина саласында бірлескен басқа да жобалар бар.

«Қазақстанда іргетасы қаланған ядролық физика институттың дәрежесін өте жоғары деп бағалаймыз. 65 жылдық тарихы бар мекемеден үлкен ғалымдар шықты. Көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілді. Оның біразы өндірісте қолданылып жатыр. Жапон компанияларының сұранысына сай келетін ғылыми орталық деп санаймын. Мекеменің болашақта үлкен потенциалы бар. Сондықтан, біз екеуара болған келісім-шарттың аяқталуына қарамастан, осы жолы тағы 5 жылға создық», – деді Chiyoda Technol Corporation президенті Атару Иноуе.

Новости партнеров