Ағартушылық бағыттағы іс-шараға ҚХА мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты
Алматы теміржол көлігі колледжінде "Жаратылыснама" даналық академиясының дәрісханасы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Рухани күш сыйлауды мақсат еткен жоба ақын Мұратхан Шоқанның кітап ілімдерін негізге алған. Оған бөлменің қақ ортасында орналасқан "Кемелденудің 7 шеңбері" дәлел. Ағартушылық бағыттағы іс-шараға ҚХА мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты.
"Әл-Фараби айтады "Қайырымды қала тұрғындары" деген трактатында қала басшысында 12 түрлі қасиет болуы керек дейді, соның 11-і болып, даналығы жоқ болса, қала тозады" деген. Даналықтың адамзат қоғамындағы алатын орны ерекше, сол үшін осы дәрісхананы ашып жатырмыз, бұдан кейін жастар тәрбиесімен айналысам", – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан.