Көкөністің түр-түрін табиғи түрде өндіретін орталық жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға да әзір
Корея Республикасы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқу тәжірбиелік орталығында заманға сай «ақылды» жылыжай ашылды. Жылыжайдың салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Ауылшарушылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Корея Республикасының бас консулы Ким Хын Су қатысып, оң бағасын берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кетейік, осынау инновациялық жоба 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен бастау алған болатын.
Жолдаудан қолдау алған жаңа жылыжай жобасы бүгін Алматы облысындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Агро-алаңында» тұсауын кесті. Корей елінің заманаға сай технологиясымен жабдықталған жылыжайдың жалпы аумағы 1 гектардан асады. Көкөністің түр-түрін табиғи түрде өндіретін орталық тіпті жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға да әзір екенін жеткізді. Ең қуантарлығы, бұл ауыл шаруашылығының дамуына бірден бір қосқан үлес дейді министр.
«Жылыжайдың ашылуына қатысып отырмыз ресми. Корей мамандарының көмегімен осы Корея технологиясымен заманауй технологиямен алынып келінген ақылды жылыжай. Бұл енді жәй жылыжай емес осы базада жоғарғы оқу орнының студенттері білім ала алады», – деді ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Жуырда жұмысы жолға қойылған Жаңа үлгідегі жылыжайдың жемісі бір жылда 400 тоннаға дейін барады дейді мамандар.Олардың сөзінше 1 гектар аумақты алып жатқан ақылды жылыжай толыққанды автоматтандырылған. Мұнда өсімдікке қажетті ылғалды климатпен, тиісті температураны бір ғана тетікті басып қана жүзеге асыруға болады
Ал өз кезегінде Корей елінен келген қонақтарымыз аталмыш агро саласындағы тың тақырыптағы жобалар әлі де жалғасын табады деп қуантып отыр. Өйткені дамыған елден дамушы елдің үйренері де, үйретері де көп деп сөз алды олар.
«Біздің мақсат – тек жылыжай жобасын жолға салып қана қою емес, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсу. Біздің озық үлгідегі техникамыздың Қазақстанның ауылшарушалығына септігін тигізетініне сеніміміз мол», – деді Корей Республикасы Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры Ким Джон Ку.
Құрылысы 2019 жылы бастау алған алпауыт оқу базасында енді осы салада білім алып жатқан студенттер де келіп, оқу-тәжірбие жұмыстарын жүргізе алады. Елімізде енді етек алып жатқан инновациялық жобаның жемісі жалпы жұртты табиғи өніммен де қамтамасыз ете алады екен.
«Негізгі мақсатымыз – осындай жылыжайды Қазақстанның әр аймағына тарату. Осындай жылыжайды біз қазір бейімдеп отырмыз. Мынау барлық система жаңа техгологиялармен жасалған. Сандық технологиясының бәрі осында қолданылып отыр», – деді ҚазҰАЗУ басқарма төрағасы, ректор Тілектес Есполов.
Көкөністің көп түрін, жемістің жүздеген сортын сұрыптан өткізіп, түрлі тәжірибеден туындаған тұқыммен таза табиғи өнім тудыру біздің міндет дейді мұндағы мамандар. Ал мұндағылар себелетіп суару мен жасыл балдырларды иондау механизмін де қазір бес саусақтай игеріп алыпты.
«Бір гектар көлемде сегіз дақыл, яғни алма, алмұрт, шие, алқоры және бүлдірген спажа культурасы бар», – деді жетекші маман Ардақ Оразахмет.
Смарт технологиялар сап түзеген жылыжайда тың топырақты өздері-ақ өндіріп шығаратын мүмкіндік бар көрінеді. Оның үстіне жылыжай жұмысы жолға қойылған кезден бастап, кәсіпкерлерге де есігі ашық екенін жеткізді. Өңірін өркендетіп, ауылының шаруасын өрге дөңгелетем деген шаруаларға оқыту-үйрету сабақтары да қарастырылмақ енді. Соқасы күн астында тұраламайтын еңбеққор елдің ертеңіне жол бастайтын жақсы бір жоба болсын деп тіледік.
Әлібек Шынтемір, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы