Алматыда ғылыми басылым жарық көрді

12.04.2022 в 01:09

Тұсаукесерде қала мен дала өркениетінің археологиялық ғылыми жобалары таныстырылды

Алматыда «Сырдарияның төменгі ағысының ежелгі егіншілері» атты ғылыми басылымның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

 Мақсат – қазақ халқының тарихы мен мәдени мұраларын ұлықтау. Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары бұл туынды ұзақ уақыт бойы жүргізген зерттеудің нәтижесі екенін алға тартты. Алдағы уақытта бұл басылымның жалғасы жарық көреді деп жоспарланып отыр. Осыған орай қала мен дала өркениетінің археологиялық ғылыми жобалары таныстырылды.  

«Кеңес заманынан бері Сыр бойындағы ескерткіштер зерттелген еді. 40 жылдан астам уақыт өтіпті. 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қайта қолға алдық. Бүгін жарыққа шығарып, тұсауын кесіп отырмыз», – деді Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бөлім меңгерушісі Жанболат Ұлтубаев.