Биыл халықаралық стипендия 178 адамға тағайындалды
Димаш Құдайберген АҚШ-тың «New York Film Academy» жетекші жоғары оқу орнында «режиссура» мамандығы бойынша 1 жылдық тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
«Димаш Құдайберген АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – New York Film Academy-де «режиссура» мамандығы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтеді», - делінген ресми сайттағы хабарламада.
Айта кетейік, бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссия шешімімен биылғы халықаралық стипендия 178 адамға тағайындалды. Стипендиаттардың қатарында танымал әнші Димаш Құдайберген де бар. Ол «тағылымдама» бағдарламасы бойынша шетелде біліктілігін арттырады.