|
22.10.2019 | 20:31
2946

Кемшіліктер өте көп: латын графикасының қазіргі үлгісі әлі бекітілген жоқ

Ақауларды жою үшін мамандар пернетақтаны әлемге әйгілі компанияға сынатыпты

Кемшіліктер өте көп: латын графикасының қазіргі үлгісі әлі бекітілген жоқ

Десек те, жаңа әліпбиге толық көшу үшін 1000-нан астам маманның әдістемелік жұмыс жүргізгені белгілі. Алайда әріптердің таңбалануында әлі де кемшіліктер көп. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Оның айтуынша латын әліпбиіне негізделген пернетақтаны сынақтан өткізу жұмыстары кезінде әріптердің Unikod стандарттарына сай емес жерлері белгілі болған. Ақауларды жою үшін мамандар пернетақтаны әлемге  әйгілі компанияға сынатыпты.

«Пернетақтаны жасап шықты. Ол пернетақта 100 пайыз қолданылады деген сөз емес. Алдымызда  өтетін мына форум аясында мәселелердің барлығы қаралады. Және осы латын әрібіне қатысты біздің ұлттық комиссия жұмыс істейді. Алдағы уақытта отырыс өтеді. Сол кезде мәселе талқыланып, шешім қабылданады деген ойдамыз», - деді  ҚР Мәдениет және спорт вице-минстрі Нұрғиса ДӘУЕШОВ.  

Вице-министр айтып отырған форум жақын күндері елордада өтеді. Оған 500-ге тарта түрлі сала мамандары қатысады деп жоспарланған.

«Тілдің мәселесі қаралған кезде тіл мамандары ғана жиналып, былайша айтқанда өз сорпамызда өзіміз қайнап қайтатынбыз. Мына тұңғыш рет өтетін тіл форумының маңыздылығы сонда біз бұған тек қана тілтанушы ғалымдарды немесе тіл мәселесімен айналысып жатқан мамандарды, сарапшыларды ғана шақырмаймыз, біз тілдің ақсап тұрған қоғамдық өмірдің салаларының мамандарын да шақырайық деп отырмыз», - деді Ш.Шаяхметов атындағы  «Тіл Қазына» ҰҒП орталығының ғылыми хатшысы Анар ФАЗЫЛЖАН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

латиница
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир