Алматыда Наурыз мейрамына арналған ғылыми жиын өтті

16.03.2022 01:57

Жиынға келген баяндамашылар Наурыз мейрамының шығу тарихын тілге тиек етті

Almaty.tv

«Наурыз: дәстүр және жаңғыру». Бүгін Алматыда осындай атпен көрме мен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Жиынға келген баяндамашылар Наурыз мейрамының шығу тарихын тілге тиек етті. Ал көрмеде қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салты, наурыз мерекесінің тойлануы бейнеленген фотосуреттер ел назарына ұсынылды. Іс-шара барысында қонақтарға наурыз көже таратылып, зергерлер шеберлік сағатын өткізді.

«Негізінен, енді жыл басталды деуге болады. Жиында студенттерге Наурыз қалай басталады оның қандай салт-дәстүрлері бар өте жақсы мағлұматтар берді. Наурыз айында үлкен тұщымды жақсы конференция өтті», - деді Алматы қаласы музейінің жетекшісі Бақберген Тайшиев.

«Қазақтың дәстүрлі рухани, материалдық мәдениетіне тек тарихи тұрғыдан қарамаймыз. Оны бүгінгі жастарымызға осы үлкен сабақ, үлгі ретінде қарастырамыз», - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті археология және этнология кафедрасының профессоры Әбдеш Төлеубаев.