|
29.03.2024 | 20:39
439

Білім саласындағы былық: Маңғыстау облысында 185 маман жауапқа тартылды

Тегін тамақтану мәзірінің заңнама талаптарына сәйкес еместігі анықталған

Білім саласындағы былық: Маңғыстау облысында 185 маман жауапқа тартылды Almaty.tv

Маңғыстау облысында білім беру саласының 185 маманы жауапқа тартылды. 40 мыңнан астам оқушы мен мұғалімнің құқығы қорғалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқу ордаcын тексеру барысында санитарлық–эпидемиологиялық саладағы заңның бұзылған анықталып, СЭС қорытындысын беру кезінде заңнама талаптарының сақталмауы тіркелген.  Сондай-ақ жалған медициналық кітапшаларды пайдалану фактілері мәлім болды. Бірқатар білім беру ұйымында бастауыш сыныптарға арналған тегін тамақтану мәзірінің заңнама талаптарына сәйкес еместігі анықталған. Мемлекеттік сатып алу саласында да былық көп.  

– Ақтаудағы 22 орта білім беру ұйымында 180 млн теңгеге турникет жеткізілген. Бұл салада мемлекеттік сатып алу заңнамасының нормалары бұзылған, яғни турникеттер техникалық сипатқа сәйкес келмейді. Мектептер ешқандай шара қабылдамаған, – деді облыстық прокурордың аға көмекшісі Дидарбек Жақсылық.

Бұл дерек бойынша кінәлі деп танылған 22 мектеп басшысын жауапқа тарту мақсатында қадағалау актісі енгізілді. Олар Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 207-бабы бойынша жауапқа тартылмақ. Айыптылар 30 бен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2025 жылға қарай 22 жаңа мектеп пайда болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир