Дәстүрлі жоба жыл сайын үздік ұстаздарды рухани алаңға жинап, өзара тәжірибе алмасуға жол ашып келеді
Алматыдағы мемлекеттік орталық музейде еліміздің «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен республикалық «Бабалар үні» көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәстүрлі жоба жыл сайын үздік ұстаздарды рухани алаңға жинап, өзара тәжірибе алмасуға жол ашып келеді. Тарих тағылымының қыр-сырына терең бойлата отырып, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді негіз еткен көрме жетекшілері бірқатар ұлы тұлғалардың өмірі мен өнер жолына арналған жинақтардың да тұсауын кесті. Көрермендерге ұлттық өнерімізді дәріптеп, бабалар аманатын енді әлемдік деңгейге шығару жоспарда бар.
«1150 жылдығына әл-Фараби бабамыздың, екінші кітабымыз Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына, үшінші кітабымыз ұстаз, фольклоршы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай шықты. Енді төртінші кітапты А.Байтұрсыновтың 150 жылдығының мәдени іс-шаралар аясында көркем еңбек пәнінің шығармашылықпен айналасын 80-нен астам ұстазын енгізе отырып, 3 тілге аударып шығарсақ және Түркия мемлекетінде тұсаукесерін ашсақ деп жоспарлап отырмыз», - деді «Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі Қанағат Көдеков.