|
02.09.2024 | 21:33
72

Педагог мамандығын таңдаған талапкерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Бұл туралы Білім күніне арналған салтанатты іс-шарада айтылды

Педагог мамандығын таңдаған талапкерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті elements.envato.com

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне түскен білім алушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл жоғары оқу орны табалдырығын 6000-нан аса талапкер аттаса, оның 5200-ден астамы бакалавриат бағдарламасы бойынша түскен. Бұл туралы Білім күніне арналған салтанатты іс-шарада айтылды. Мерекелік жиынға профессорлық-оқытушылық құраммен қатар, елге орасан зор еңбегін сіңірген университет мақтаныштары мен түлектері қатысты.

– Биыл «Алтын белгі» иегері өте көп. Бұл біріншіден, университеттің дәрежесін, деңгейін көрсетсе, екіншіден, педагог мамандығының абыройын білдіреді. Демек олар қалаулы мамандықтар тізімінде тұрғанын дәлелдеп отыр, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы – ректор Болат Тілеп.  

Оқи отырыңыз: «Грантқа түсіремін»: ата-аналардан 7 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир